ҚазҰУ-да академиялық адалдық пен киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды — ҚазҰУ

ҚазҰУ-да академиялық адалдық пен киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды

12 қараша 2026
ҚазҰУ-да академиялық адалдық пен киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды

12 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Академиялық адалдық және киберқауіпсіздік: цифрлық ортадағы заң» тақырыбында интерактивті воркшоп өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің академиялық адалдық қағидаттары туралы түсінігін кеңейту, цифрлық ортадағы құқықтық сауаттылығын арттыру және интернет кеңістігіндегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Воркшоп барысында Заң факультетінің оқытушылары тақырып аясында дәрістер оқып, академиялық адалдықтың маңызы, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау, плагиаттың алдын алу және цифрлық кеңістіктегі құқықтық жауапкершілік мәселелеріне тоқталды.

Сонымен қатар киберқауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер қарастырылып, интернеттегі жеке деректерді қорғау, киберқылмыстардың алдын алу, күмәнді ақпарат пен онлайн қауіп-қатерлерді ажырата білу жолдары түсіндірілді.

Интерактивті форматта ұйымдастырылған воркшоп барысында студенттер тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Практикалық мысалдар негізінде түрлі жағдаяттар талқыланып, цифрлық ортада заң талаптарын сақтау мен академиялық жауапкершіліктің маңызы атап өтілді.

Іс-шара студенттердің құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға, академиялық мәдениетін нығайтуға және қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыруға бағытталды.