- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Ойлау мәдениетінің заманауи трансформациялары» республикалық ғылыми дөңгелек үстелі
«Ойлау мәдениетінің заманауи трансформациялары» республикалық ғылыми дөңгелек үстелі
Қазақстандық философиялық конгресс аясында философия ғылымдарының кандидаты, ғалым Асқар Лесхан Әмірханұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «Ойлау мәдениетінің заманауи трансформациялары» атты республикалық ғылыми дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ғылыми іс-шараның негізгі мақсаты – ғалымның отандық философия ғылымы мен білім беру саласына қосқан үлесін дәріптеу, қазіргі қоғамдағы ойлау мәдениетінің даму ерекшеліктерін талқылау және ғылыми сабақтастықты нығайту. Дөңгелек үстелдің негізгі тақырыптық бағыттары логикалық рационалдықтан ғылыми-креативті ойлауға көшу, сыни ойлаудың құндылықтық және әлеуметтік негіздері, цифрлық дәуірдегі табиғи және жасанды интеллекттің өзара байланысы, сондай-ақ жастардың ойлау мәдениетін қалыптастырудағы логикалық білімнің рөлін қамтыды. Іс-шара аясында ғалымның әл-Фараби мұрасын зерттеуге және «Кіші Фараби» академиясы арқылы жас ұрпақтың интеллектуалдық дамуына бағытталған ғылыми-ағартушылық қызметіне ерекше мән берілді. Дөңгелек үстелді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, әл-Фараби орталығы және Түрік халықтары философия қоғамының Қазақ комитеті бірлесіп ұйымдастырды.
Басқа жаңалықтар