- Басты бет
- Жаңалықтар
- 2026-2027 оқу жылының қысқы емтихан сессиясына дайындық бойынша ақпараттық-түсіндіру семинары өтті
2026-2027 оқу жылының қысқы емтихан сессиясына дайындық бойынша ақпараттық-түсіндіру семинары өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультетінде 2026–2027 оқу жылының қысқы емтихан сессиясын ұйымдастыру және өткізу тәртібіне арналған ақпараттық-түсіндіру семинар өтті. Семинарды Шығыстану факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары Койбакова Айжан жүргізді. Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен куратор-эдвайзерлер қатысты. Семинардың басты мақсаты - алдағы қысқы емтихан сессиясының негізгі талаптарын түсіндіру, емтихан барысында академиялық адалдық қағидаттарын сақтау және білім алушыларды объективті бағалау тетіктерін айқындау болды.

Іс-шара барысында қатысушыларға екі негізгі бағыт бойынша толыққанды ақпарат берілді. Деканат маманы Сапархан Балнұр эдвайзерлерге универ жүйесімен жұмыс істеудің тетіктерін көрсетіп, білім алушылардың жүйемен жұмысын қалай ұйымдастыру қажеттігін баяндады. Декан орынбасары Білім алушыларға арналған талаптар мен мүмкіндіктерді, оның ішінде академиялық күнтізбе, емтиханға жіберілу шарттары, бағалау жүйесі және апелляция беру тәртібі мен талаптарын түсндеріді. Сондай-ақ, профессор-оқытушылар құрамына арналған әдістемелік бағдар жасалып, емтихан материалдарын әзірлеу, цифрлық жүйелермен жұмыс және Академиялық адалдық және жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолданудың шекаралары мен университеттің академиялық саясатына сәйкес жауапкершілік нормалары нақтыланды.
Семинар қорытындысы бойынша декан орынбасары эдвайзерлер мен оқытушыларға қорытынды бақылау алдындағы дайындық жұмыстарын жүйелеу бойынша нақты ұсыныстар беріп, сауалдарына жауап қайтарды.
Басқа жаңалықтар