«Өмір – қайталанбас сый»: эдвайзер студенттермен жатақханада кездесті
2026 жылғы 17 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, 1-курс студенттерінің эдвайзері Дүйсенбай Құлпынай студенттердің жатақханадағы тұрмыс жағдайымен танысу және олармен жақын қарым-қатынас орнату мақсатында жатақханаға барды.
Кездесу барысында эдвайзер студенттерге дастарқан жайып, олармен бірге тамақтанып, еркін әрі жылы атмосферада ашық әңгіме өткізді. Әңгімелесу кезінде студенттердің жатақханадағы тұрмыс жағдайы, күнделікті қажеттіліктері, оқу барысында кездесетін қиындықтары мен эмоционалдық көңіл күйі талқыланды.
Кездесудің негізгі тақырыбы «Өмір – қайталанбас сый» деп аталды. Эдвайзер жастарға өмірдің қадірі мен адам денсаулығының маңыздылығын түсіндіріп, өздерінің физикалық және психологиялық саулығына жауапкершілікпен қарауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ қиындықтарға тап болған жағдайда жалғыз қалмай, эдвайзерден, факультет психологынан немесе оқытушылардан көмек сұрауға болатынын атап өтті.
Жылы әрі ашық әңгіме барысында студенттер өз ойларын, алаңдаушылықтары мен ұсыныстарын еркін жеткізді. Мұндай кездесулер студенттердің мәселелерін дер кезінде анықтауға, олардың университеттегі өмірге бейімделуіне және эдвайзермен өзара сенімді қарым-қатынас орнатуына ықпал етеді.
Кездесу қорытындысында студенттер мен эдвайзер арасындағы байланыс нығайып, жастардың өмірге, денсаулыққа және өзара қолдауға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды тәрбиелік әңгіме өрбіді.
Басқа жаңалықтар