- Басты бет
- Мұражай
- ШИЦЗЯЧЖУАНСК КӘСІБИ ҒЫЛЫМ, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ АҚПАРАТ КОЛЛЕДЖІ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ҚАЗҰУ МУЗЕЙІНЕ КЕЛУІ
ШИЦЗЯЧЖУАНСК КӘСІБИ ҒЫЛЫМ, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ АҚПАРАТ КОЛЛЕДЖІ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ҚАЗҰУ МУЗЕЙІНЕ КЕЛУІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейі Шицзячжуан кәсіби ғылым, технология және ақпарат колледжінің делегациясын қабылдады.
Келу барысында қонақтар университеттің бай тарихымен, қалыптасу кезеңдерімен, ғылыми-білім беру жетістіктерімен және халықаралық ынтымақтастық бағыттарымен танысты. Музей экспозициялары арқылы ҚазҰУ-дың отандық жоғары білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі, көрнекті ғалымдары мен түлектерінің жетістіктері кеңінен таныстырылды.
Делегация мүшелері университет түлектерінің кәсіби әлеуетіне, олардың халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігіне және түрлі салалардағы жетістіктеріне ерекше қызығушылық танытты. Әсіресе, ҚазҰУ түлектерінің білім деңгейі, кәсіби даярлығы және болашақта өзара тәжірибе алмасу мен кадрлық ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.
Кездесу екі білім беру ұйымы арасындағы өзара түсіністікті нығайтып, халықаралық академиялық байланыстарды дамытуға және болашақтағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашты.

Басқа жаңалықтар