- Басты бет
- Мұражай
- ҚЫТАЙДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНА САЛАСЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ МУЗЕЙІНЕ КЕЛУІ
ҚЫТАЙДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНА САЛАСЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ МУЗЕЙІНЕ КЕЛУІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейінде Қытай Халық Республикасынан келген медицина саласының өкілдері келді.
Музейге келу барысында қонақтар университеттің қалыптасу тарихымен, білім мен ғылым саласындағы жетістіктерімен, халықаралық байланыстарының дамуымен және көрнекті тұлғаларының өмір жолымен танысты. Сонымен қатар, университеттің медицина және денсаулық сақтау бағытындағы ғылыми-білім беру қызметіне, медициналық кадрларды даярлау мен ғылыми зерттеулерді дамытуға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.
Делегация мүшелері ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуетіне, заманауи білім беру мүмкіндіктеріне және халықаралық академиялық ынтымақтастық бағыттарына қызығушылық білдірді. Кездесу барысында медицина ғылымы мен білім беру саласындағы тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстарды нығайту және болашақтағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.
Мұндай кездесулер Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми, медициналық және мәдени байланыстарды нығайтып, халықаралық әріптестіктің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.

Басқа жаңалықтар