Дальян университетінің (Қытай) өкілдері ҚазҰУ музейіне келді — ҚазҰУ

Дальян университетінің (Қытай) өкілдері ҚазҰУ музейіне келді

18 қараша 2026
Дальян университетінің (Қытай) өкілдері ҚазҰУ музейіне келді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейінде Қытай Халық Республикасындағы Дальян университетінің өкілдері болды.

Сапар барысында қонақтар университеттің тарихымен, қалыптасу кезеңдерімен және ғылыми-білім беру жетістіктерімен танысты. Музей экспозициялары арқылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың еліміздің жоғары білім беру жүйесіндегі орны, көрнекті ғалымдардың мұрасы мен университеттің халықаралық байланыстары туралы мәлімет алды.

Кездесу Қазақстан мен Қытай арасындағы академиялық және мәдени байланыстарды нығайтуға, жоғары оқу орындары арасындағы өзара тәжірибе алмасуға және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.