Физика-техникалық факультетінде «Студент және ақша» атты интерактивті тренинг өтті — ҚазҰУ

Физика-техникалық факультетінде «Студент және ақша» атты интерактивті тренинг өтті

5 қараша 2026
Физика-техникалық факультетінде «Студент және ақша» атты интерактивті тренинг өтті

2026 жылғы 5 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде студенттердің зияткерлік тәрбиесі аясында «Студент және ақша» тақырыбында қаржылық сауаттылық бойынша интерактивті тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, жеке қаражатты тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру және қаржылық шешімдер қабылдауда жауапкершілік мәдениетін дамыту.

Тренинг барысында жеке бюджетті жоспарлау, қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану, жинақтау мәдениетін қалыптастыру және қаржылық тәуекелдердің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.