ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ ЕРТЕҢІ, ҰРПАҚ МҰРАТЫ — ҚазҰУ

ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ ЕРТЕҢІ, ҰРПАҚ МҰРАТЫ

16 қараша 2026
ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ ЕРТЕҢІ, ҰРПАҚ МҰРАТЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Физика және нанотехнология» тобының 1-курс студенттеріне арналған «Тәуелсіздік – ел ертеңі, ұрпақ мұраты» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың тарихи санасын қалыптастыру, ел тәуелсіздігінің құндылығын терең ұғындыру және азаматтық жауапкершілігін арттыру.

Тәрбие сағаты барысында студенттер Қазақстанның егемендікке қол жеткізу жолындағы маңызды тарихи кезеңдеріне тоқталып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тағылымын, 1991 жылғы Тәуелсіздік жариялануының мәнін талқылады. Сондай-ақ тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуындағы айтулы жетістіктер мен бүгінгі ұрпақтың мүмкіндіктері туралы ой бөлісті.

Іс-шараның мазмұнды бөлігінің бірі – топтық жұмыс болды. Студенттер «Тарих», «Жетістік», «Болашақ» бағыттары бойынша пікір алмасып, тәуелсіздікке бастар жолды, егемен елдің табыстарын және Қазақстанның келешегіне қатысты өз көзқарастарын ортаға салды. Талқылау кезінде білімнің, ғылымның, бірліктің және жас ұрпақ белсенділігінің маңызы ерекше атап өтілді.

Практикалық тапсырмаларда қатысушылар ел дамуына қосар жеке үлесі туралы ой қозғап, болашақ маман ретінде ғылым мен технология саласындағы жауапкершілігін саралады. Студенттердің белсенді қатысуы, өзара пікір алмасуы және ортақ қорытындыға келуі тәрбие сағатының тәрбиелік мәнін арттыра түсті.

Тәуелсіздік – өткеннің өнегесі ғана емес, бүгінгі буынның жауапкершілігі мен ертеңгі күнге деген сенімі. Осындай тағылымды кездесулер жастардың отансүйгіштік сезімін нығайтып, ел болашағына саналы үлес қосуға ынталандырады. Ұйымдастырушылар 1 курс докторанттары Әділ Б., Айдарұлы А., кураторөэдвайзер Кенжебекова А.И.