Қытайтану кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс өтті — ҚазҰУ

Қытайтану кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс өтті

17 қараша 2026
Қытайтану кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс өтті

     2026 жылғы 16 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасында Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарына академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттерді іріктеу конкурсы өтті.

   Конкурсқа қытай тілін меңгерудің IV деңгейін аяқтаған 3-курс студенттері қатысты. Іріктеу барысында студенттердің қытай тілін меңгеру деңгейі, тілдік және коммуникативтік дағдылары, сондай-ақ Қытайда білім алуға дайындығы бағаланды.

    Аталған конкурстың мақсаты – білім алушылардың халықаралық академиялық тәжірибе жинақтауына, қытай тілін жетік меңгеруіне және Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасау.

   Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуына, мәдениетаралық коммуникация дағдыларын жетілдіруіне және халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялануына мүмкіндік береді.