- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасында студенттердің эмоционалдық жағдайы мен психологиялық қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
Қытайтану кафедрасында студенттердің эмоционалдық жағдайы мен психологиялық қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
2026 жылғы 17 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Фарида Оразақынқызы кафедра эдвайзерлерімен «Студенттердің эмоционалдық жағдайы және психологиялық қауіпсіздігі» тақырыбында жиналыс өткізді.
Жиын барысында студенттердің психологиялық жай-күйі, эмоционалдық тұрақтылығы, оқу үдерісіндегі психологиялық қолдау және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар эдвайзерлердің студенттермен жүргізетін тәрбие жұмыстарының маңыздылығы, білім алушылардың көңіл күйі мен әлеуметтік-психологиялық жағдайын бақылау, туындаған мәселелердің алдын алу және оларға уақытылы қолдау көрсету жолдарына назар аударылды.
Кездесу қорытындысында студенттердің психологиялық саулығын сақтау, өзара сенім мен қолдауға негізделген білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы эдвайзерлер жұмысының маңыздылығы атап өтілді.
Басқа жаңалықтар