Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ: білім мен ғылымды дамытудың жаңа мүмкіндіктері
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі әрі отандық ғылым мен білімнің қара шаңырағы. Университетті басқару үлкен жауапкершілікті, көрегендікті және заманауи талаптарға сай басшылық жасауды қажет етеді.
Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың басшылығымен университеттің халықаралық байланыстарын дамытуға, әлемдік академиялық кеңістіктегі беделін арттыруға және шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жұмыстардың маңызы зор. Халықаралық әріптестікті кеңейту, академиялық ұтқырлықты дамыту және білім мен ғылым саласындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашу университеттің дамуына серпін береді.
Сонымен қатар профессор-оқытушылар құрамының кәсіби дамуына, ғылыми ізденістеріне қолдау көрсетуге, олардың еңбегін бағалауға, студенттерге сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасауға және ұжымдағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән беріледі.
Университеттің дамуы мен халықаралық деңгейдегі абыройын арттыруда басшылықтың жүйелі жұмысы, стратегиялық көзқарасы және жаңа бастамаларды қолдауы маңызды рөл атқарады.
Университеттің білім мен ғылым саласындағы әлеуетін одан әрі арттырып, халықаралық академиялық кеңістіктегі орнын нығайта түсетініне сенім мол.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Филология факультеті
Шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы
Алиярова Лаура Мадібекқызы
Басқа жаңалықтар