«Нашақорлық – ғасыр дерті!» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді — ҚазҰУ

«Нашақорлық – ғасыр дерті!» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді

20 қараша 2026
«Нашақорлық – ғасыр дерті!» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді

2026 жылғы 20 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде «Генетика 26-01» тобының студенттерімен «Нашақорлық – ғасыр дерті!» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, есірткі заттарының адам денсаулығы мен қоғамға тигізетін зиянды әсері туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.

Кураторлық сағат барысында нашақорлықтың пайда болу себептері мен зардаптары, есірткіге тәуелділіктің адамның физикалық және психологиялық денсаулығына әсері, сондай-ақ жастар арасында оның алдын алу жолдары талқыланды. Студенттерге есірткі заттарын қолданудың ауыр салдары, құқықтық жауапкершілік және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы түсіндірілді.

Іс-шара аясында студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, нашақорлықтың алдын алу, жеке жауапкершілік және саналы таңдау жасау мәселелері бойынша ой қозғады.

Кураторлық сағат қорытындысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және есірткіге қарсы берік ұстаным қалыптастыруға шақырды.

Топ: Генетика 26-01
Топ эдвайзері: Ержан Арайлым Ерғалиқызы