«Эмоционалды күйзелісті азайту және стресс-менеджмент» — ҚазҰУ

«Эмоционалды күйзелісті азайту және стресс-менеджмент»

23 қараша 2026
«Эмоционалды күйзелісті азайту және стресс-менеджмент»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тілі білімі кафедрасының профессор м.а., ф.ғ.к. Құлжанова Бақытгүл Райханқызы    7М02313 «Қазақ филологиясы» мамандығының   эдвайзерлік тобындағы 1-курс магистранттарымен  «Эмоционалды күйзелісті азайту және стресс-менеджмент» тақырыбында «Mental Health & Balance»: Магистранттардың эмоционалдық күйзелісін азайту және стресс-менеджмент интерактивті тренингін өткізді.  Тренинг  БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясында ұйымдастырылды. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқу және ғылыми ізденіс барысындағы психологиялық жүктемені азайту, эмоционалды жанудың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау. Тренинг барысында күйзелістің себептері мен оның адам денсаулығына әсері талқыланды. 

Қатысушылар стрестік жағдайларды басқару, эмоцияларды реттеу және психологиялық тепе-теңдікті сақтау жолдарымен танысты.

https://lnkd.in/p/eXeMWNr5