«Өзгеше көзқарас» — ҚазҰУ

«Өзгеше көзқарас»

23 қараша 2026
«Өзгеше көзқарас»

2026 жылдың 10 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тілі білімі кафедрасының профессор м.а., ф.ғ.к. Құлжанова Бақытгүл Райханқызы 7М02313 «Қазақ филологиясы» мамандығының эдвайзерлік тобындағы 1-курс магистранттарымен «Өзгеше көзқарас» тақырыбында әлеуметтік тренингі өтті. Тренингті ұйымдастыруға Қазақ филологиясы білім беру бағдарламасының магистранттары Зайнидин Нұрайлым мен Миралықызы Ақбота. 

Семинардың негізгі мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға тең мүмкіндік жасау, студенттер арасында толеранттылықты қалыптастыру және инклюзивті мәдениетті нығайту. 

Семинар-тренинг барысында инклюзивті білім берудің маңызы, университеттегі қолжетімді орта, студенттердің құқықтары мен қажеттіліктері, сондай-ақ қоғамдағы кедергілер туралы ақпарат берілді. 

Қатысушыларға инклюзияға қатысты қызықты деректер мен күнделікті өмірде кездесетін нақты жағдаяттар ұсынылып, олардың шешу жолдары талқыланды.