- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Тәуелсіздік Полюсі» экспедициясының қатысушылары Пунта-Аренас қаласынан Антарктидаға аттанды
«Тәуелсіздік Полюсі» экспедициясының қатысушылары Пунта-Аренас қаласынан Антарктидаға аттанды
«Тәуелсіздік Полюсі» ғылыми-зерттеу экспедициясының қатысушылары Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбеков Пунта-Аренас қаласынан Антарктидаға ұшып кетті.
Олар Антарктидаға жету үшін төрт сағаттан аса ұшады деп күтілуде.
Топ жетекшісі Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбеков бірінші болып мұзды континентке қонады, қалғандары кейіннен қосылмақ. Антарктиданың Юнион Глетчер (Union Glasier) базасына қонғаннан соң олар бірнеше күн акклиматизациядан өтеді. Содан кейін 4892 метрлік Винсон шыңына шығуға дайындық жұмыстары жүргізіледі. Естеріңізге сала кетелік, «Тәуелсіздік Полюсі» ғылыми-зерттеу экспедициясының құрамына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология кафедрасының ғалымдары Алмагүл Баубекова мен Алия Ерназарова кірді.
Экпседицияның мақсаты- 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Антарктиданың шыңына Қазақстанның мемлекеттік туын орнату. «Тәуелсіздік Полюсі» ғылыми-зерттеу экспедициясы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.