"Korean studies in Central Asia and Digital humanitarianism in Korea"

26 желтоқсан, 2016

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қиыр Шығыс кафедрасында Хангук шет тілдер университетімен бірлескен «Орталық Азиядағы корейтану және Кореядағы сандық гуманитаристика» атты  халықаралық конференциясы өтті.

Хангук шет тілдер университеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  бірінші тұрақты және стратегиялық әріптесі болып табылады. Аталмыш университетпен 1995 жылы бері Ынтымақтастық туралы Меморандумы қол қойылған. Осы меморандум аясында тек жыл сайын студенттер мен оқытушылар алмасуы ғана жүзеге асырылмайды, сонымен қатар ҚазҰУ көптеген ғылыми-зерттеу жобаларында негізгі әріптес болып табылады.  Соның бірі – аталмыш жоба  «Орталық Азиядағы корейтану және Кореядағы сандық гуманитаристика».

Конференция аясында Орталық Азиядағы корейтанудың негізгі өзекті мәселелері мен дамуында кездесетін қиындыұтар талқыланды.  Сонымен қатар гуманитарлық ғылымның дамуының жаңа бағыты болып табылатын сандық гуманитаристика саласында ғалымдар мен мамандар  өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелері мен тәжірибелерімен алмасты. Аталмыш конференция сандық гуманитаристика мамандары мен корейтанушылар арасында зерттеулер мен тәжірибе алмасу үшін өзіндік алаң болды. Сандық технологияларды корейтану мен басқа да гуманитарлық ғылымдар дамуында қолдану бүгінгі күнде үлкен өзектілікке ие болып отыр, және оны қолдану алаңы да кеңею үстінде. Бірлескен конференцияның басты міндеті жалпы гуманитарлық ғылымдар мен корейтану дамуындағы ғылыми сандық технологияларды қолданудың жалпы әдісін құру, және де оның болашағын талқылау болды. Сонымен қатар, екі жақ келесі 2017 жылы аталмыш конференция жұмысын одан да ауқымды деңгейде жалғастыру жөнінде келісімге келді.

Конференцияда Ханкук шет тілдер университетінің мамандары мен  Қазақстан,  Өзбекстан, Қырғызстан жоғары оқу орындарының ғалымдарынан құралған 40-тан астам қатысушылар қатысты.

Конференцияның қорытындысы ретінде баяндамалар мен мақалалар конференция жарияланды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Қиыр Шығыс кафедрасы