"Дінде шектен шыққандар" атты дөңгелек үстел

21 ақпан, 2017

19.02.2017 күні сағат 19.00 – 22.00 аралығында № 10 жатақханада "Дінде шектен шыққандар" атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының доценті, т.ғ.к. Қартабаева Е.Т. жүргізді. Шараны ұйымдастыруға кафедра оқытушылары, т.ғ.к., доцент Алпысбаева Н.К., т.ғ.к., аға оқытушы Бұлғауов Ш.Т., PhD, аға оқытушы Нұсқабай П., гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Раймбекова М.Т. көмектесті. Дөңгелек үстел барысында қазіргі әлемдік мәселелердің ішіндегі ең бір түйткілді, шешімі әлі де болса табылмай отырған күрделі мәселе – ислам дініндегі радикализм, экстремизм және ланкестік мәселелері талданды. Тақырып студенттер тарапынан өте зор қызығушылық туғызды. Көптеген сұрақтар туындап, пікір-талас өрбіді. Дөңгелек үстел соңында ислам дінінде орын алып отырған әр түрлі радикалды, шектен шыққан секталардың ықпалына түсіп қалмас үшін ислам дінінің негіздері мен тарихы туралы білімімізді арттыру қажет, сондай-ақ ислам дінін саяси мүдделерге емес, рухани байлығымыздың қайнар көзі ретінде пайдалануымыз керек деген ортақ қорытынды жасалды.