БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
4-18 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы IV Халықаралық Фараби оқуларын өткізеді. Онкүндік оқуларды «Әл-Фараби және қазіргі заман» атты Халықаралық Фараби Форумы ашады.
2014 жылы негізі қаланған «Халықаралық Фараби оқулары» онкүндігінің аясында Халықаралық Фараби Форумын ғылымның әр салалары бойынша ғылыми-теориялық, ғылыми‐практикалық, ғылыми-әдістемелік онлайн конференциялар, халықаралық студенттік форум, дөңгелек үстелдер мен семинарлар, «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы, Инновациялық жобалар байқауы өткізіліп, Ғылым күні мерекеленеді.
«Фараби оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы – әл-Фараби мұралары мен оның заманауи қоғам дамуындағы рухани, тарихи философиялық және дәстүр мен ғылыми негіздерінің сабақтастықтарын, ғылым мен білім берудің интеграциясын қамтамасыз етуді, университеттердің инновациялық ғылыми-білім беру үдерісін жетілдіруді зерттейтін отандық және шет елдік ғалымдарды біріктіруге арналған.
Ғылыми Форум қатысушылары ғылым мен білім берудің интеграциясы, қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік және интеллектуалды мәдениетін өркендету, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жарқын қоғам құру тұрғысындағы Қазақстан-2050 Стратегиясының мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға қатысты мәселелерді талқылайды.
Форум жұмысының негізгі бағыттары:
- Ұлт жоспарын жүзеге асыруда зерттеу университеттерінің рөлі: Қазақстанның үшінші модернизациясы
- Заманауи өркениеттер сұхбатындағы Әл-Фараби философиясы
- Әл-Фараби ғылымдарының классификациясы және қазіргі жаратылыстанудың өзекті мәселелері
- ХХІ ғасыр инновациялық әлеуеті және тұрақты даму мәселелер
- Ғылыми өлшем және қоғамның ғылыми-технологиялық дамуын басқару
- Адам капиталы ұлттың интеллектуалды әлеуетінің негізі ретінде
Форум аясында келесі дискуссиялық және шығармашылық алаңдар өз жұмысын жүргізеді:
1. «Философия менің өмірімде» студентттер арасындағы республикалық эссе сайысы.
2. «Заманауи Қазақстандағы жаңа діни құрылымдар мен миссионерлік қызмет».
3 «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: мәселелері мен перспективалары».
4. «Мәңгілік ел» қазақ мемлекеттілігінің арғы қарай кемелденуі мен рухани дәстүрлер, мәдениеттер трансформациясының негізі ретінде» халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
5. «Мәдениетаралық коммуникация және өзгермелі әлемдегі интеграция мәселелері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн-конференция.
6. «Әлеуметтану және білім: білім қоғамындағы мамандар мәселесі».
7. «Тұрақты даму тұжырымдамасы тұрғысында педагогика мен білім беру мәселелері».
8. «Әл-Фараби және қолданбалы психологияның заманауи мәселелері».
9. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен бірге «Философиялық пәндерді жалпыға білім беру түрінде университетте оқыту: қазіргі жай-күйі мен мәселелері» халықаралық ғылыми онлайн конференция.
10. «Өткен дәуір және қазіргі заман ойшылдары» атты студенттік ғылыми-танымдық әуесқой деректі фильмдер фестивалі; «Философия: дәуір және тұлға» мюзиклдер шеруі.
Форум жұмысына қазақстандық және шетелдік саяси және қоғам қайраткерлері мен белгілі ғалымдар қатысады деп күтілуде.
Басталатын уақыты мен өткізілетін орны: 4 сәуір сағат 11.00-де, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби атындағы кітапханасы (4 қабат, конференц-зал).
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі: 8 (727) 377-31-48
Ұйымдастыру комитеті: 8 (727) 292-57-17 (ішкі -2182)