ҚазҰУ-да «Табысқа жеткізер жол» жәрмеңкесі өтті

29 сәуір, 2017

ҚазҰУ-да Мансап және кәсіби даму орталығының ұйымдастыруымен «Табысқа жеткізер жол» атты бос орындар жәрмеңкесі өтті. Биылғы жәрмеңкеге 70-тен аса кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты. Шараның мақсаты - ҚазҰУ түлектерін өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыруға көмектесу. 

Жәрмеңке жұмыс іздеп келгендер мен жұмыс берушілер үшін де пайдалы өтті. Бірегей алаң түлектерге қалаған жұмысын тауып, алдын ала жұмыс берушімен тілдесуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта еңбек нарығында инженер-технолог, IT-маманы, мұғалім, дәрігер, биотехнолог, маркетолог және т.б. мамандықтарға сұраныс көп. Атап өту керек, жас мамандарды еңбекпен қамту үшін мемлекет тарапынан «Жастар практикасы», «Жастардың кадрлік резерві» және «Дипломмен­ - ауылға» атты бағдарламалар жүзеге асырылып отыр.

«Мұндай кездесулер жұмыссыздықтың дейгейін төмендетуге септігін тизігеді. Биылғы жылы ҚазҰУ-да үш мыңнан аса маман даярланып шығады. Университет тарапынан студенттерді еңбекпен қамту жөнінде жүйелі жұмыс жасалып отыр. Мәселен, Алматы қаласының «Тұрғындарды жұмыспен қамту» орталығымен келісімшарт жасалған және факультеттерде жұмыс берушілер Кеңестері бар. Өткізіліп отырған жәрмеңке жастарға тиісті жұмыс орындарын табуға қол ұшын береді деген ойдамын», - деді Мансап және кәсіби даму орталығының директоры Мұрат Сейсембаев.   

Экономика және бизнес жоғары мектебінің 4-курс студенті Айжан Өтеген «Көптеген студенттер жұмыс жәрмеңкесінен қажетті ақпарат алып, жұмысқа тұру мүмкіндігіне ие болды. Мен тікелей жұмыс берушімен сөйлесіп, тиісті құжаттарды толтырып қойдым. Болашақта жақсы компанияға жұмысқа тұрамын деген үмітім бар», - дейді. 

 

Баспасөз қызметі