- Басты бет
- Жаңалықтар
- “Conflicts and Challenges in Central Asia from a Regional and Transregional Perspective” Жазғы лагері
“Conflicts and Challenges in Central Asia from a Regional and Transregional Perspective” Жазғы лагері
Сізді 20 мен 30 маусым аралығында, «Аймақтық және трансаймақтық перспективасындағы Орталық Азиядағы қауіптер мен қақтығыстар» тақырыбына өтетін халықаралық қатынастар факультетінің Жазғы лагерінің ашылу салтанатына қатысуға шақырамыз.
Жазғы мектеп әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Филипп атындағы Марбург университетінің (Германия) ынтымақтастығымен ұйымдастырылуда.
Жазғы мектепке Қазақстанның, Германияның және Қырғызстанның 30 студенті қатысады. Модульдық бағдарлама бойынша оқу процессін Марбург Университетінің, ҚазҰУ, Қазақстан-Неміс Университетінің (ҚНУ), Орталық Азиядағы Американдық Университетінің (AUCA, Қырғызстан) 10 профессоры мен оқытушылары қамтамасыз етеді.
Жазғы мектептің тақырыбы аймақшылдық концепциясын жаңадан ұғынуды, Орталық Азиядағы қақтығыстар мен қақтығыс мүмкіндіктерін қолданбалы зерттеу мақсатында жаңа ұғымдық аппарат еңгізуді талап ететін, Батыстағы әлеуметтік және саяси ғылымындағы проблемалық салалын зерттеуге бағытталған. Жазғы мектеп аясында Орталық Азия мемлекеттерінің салыстырмалы контекстіндегі қақтығыстардың қазіргі өзгерістерін ұғыну бойынша, сонымен қатар, Орталық Азия аймағындағы алдыңғы қатарлы акторлардың болашақтағы рөлін және көршілес елдермен қарым-қатынасын айқындау бойынша дискуссиялар өткізу жоспарлануда.
Жазғы мектептің мақсаты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Марбург университетінің арасындағы, Орталық Азия жоғарғы оқу орындарының арасындағы алмасу бағдарламасы, «Эрасмус плюс» бағдарламасы аясында екіжақты ынтымақтастықтың кеңеюі мен тереңдеуі, Ғылыми және жобалық ынтымақтастың дамуы, Германиядағы Марбург университеті жанындағы Орталық Азиялық зерттеулердің институттандыруы болып табылады.
Жазғы мектептің концепциясы – профессор Торстен Бонакер, Филипп атындағы Марбург Университетінің қақтығыстарды зерттеу бойынша институтының, социология институтының директоры. ҚазҰУ-де ұйымдастыруға жауапты: проф. М.Ш. Губайдуллина, Германдық зерттеулер орталығы.
Неміс ЖОО серіктестермен бірігіп Жазғы мектеп өткізу Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративті Республикасының ынтымақтастығының 25 жылдығына және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Германдық зерттеулер орталығының құрылғанына бес жыл толуына орайластырылған.
Мәліметтер үшін: Марбург университеті 16 ғасыр басындақұрылған ескі еуропалық университет болып табылады. Бұл университеттің жарқын ғалымдары мен студенттерінің ішінен Михаил Ломоносовты айтсақ болады. Ал қазіргі таңда университетке 13 Нобель лауреаты тиесілі.
Іс-шараның өту уақыты: 20 маусым.
Жұмыс тілі: ағылшын (ресми емес қатынас: неміс, орыс және қазақ)
Жазғы мектептің ресми ашылу датасы: 21 маусым 2017 ж.
Уақыты: 14.00 – 17.00
Өту орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, 1-ші конференц-зал, 4 этаж, № 408 (КазҰУ кампусы), аль-Фараби д., 71 (Тимирязев көшесінен кіру, қосымшадан картаға қарау)