Жас мұрағатшылардың жазғы мектебі

13 шілде, 2017

Қазақстан Республикасы Президенті архиві мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесіп тұңғыш ТМД елдерінің жас мұрағатшылар мектебін өткізді. Мектепке Қырғызстан, Өзбекстан, Белорусь Республикаларынан және Қазақстанның әр аймағынан 48 тыңдаушы келді. Мектептің ашылуына ҚР Президенті Әкімдігінің жалпы бөлім меңгерушісі М.Х. Жақыпов арнайы қатысып, осы саланың айтулы қазақстандық және шетелдік ғалымдары терең  мазмұнды дәрістерін оқыды.

М.В. Лариннің  «Іс жүргізудегі және архивтердегі электронды құжаттарды басқару (әлемдік тәжірибе)», «Электронды үкіметтің ақпаратын және құжаттамасын басқару» тақырыптарындағы дәрістерінің «Электронды үкімет» мемлекеттік бағдарламасы және Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты баяндамасындағы «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында мемлекеттік ұйымдарда электрондық құжат айналымы мен электрондық мұрағаттарды құру мәселелері бойынша жүргізілетін жұмыстар талқыланды. Ф.Г. Тараторкиннің «Ресейдегі ХХ ғасырдағы мұрағат және саясат», «ХХ ғасырдағы орыс және кеңестік тарихшылардың ғылыми өмірбаянындағы архив ісі» деген дәрістері және «Университет архив: идея, міндеттер және болашағы» семинары тыңдаушыларға ой салды.

ҚР Президенті, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама, Алматы қаласы Орталық мемлекеттік мұрағатына экскурсия ұйымдастырылып, тәжірибелік сабақтар өткізілді. Жазғы мектеп жас мұрағатшыларғдың ақпараттық жүйелері және архив ісі мәселелері бойынша пікірталас жүргізуге  мүмкіндік берді.

Жазғы мектеп тыңдаушыларға сертификаттар тапсырып қана қоймай, ерекше қызығушылық пен кәсібилікті, еңбек пен  демалысты тоғыстырып, пікірлес әріптестерді қалыптастырды.

Базпасөз қызметі