Донор күні

19 сәуір, 2010

2010 жылдың 14-16 сәуірінде Мемлекеттік қан орталығы мен ҚазҰУ-дың Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімі бірлесе отырып Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Донор күні» акциясын өткізеді.

Үш күн бойы ҚазҰУ-дың Студенттер сенаты кабинетінде (экономика және бизнес факультеті, 3 қабат) студенттер өз еріктерімен қан тапсыра алады. Статистика бойынша еліміздегі ауыр науқастарға күн сайын 100 литрдай қан қажет. Азаматтарымыздың түсінушілігі мен көрсетіп жатқан көмектеріне қарамастан қаншама науқастарға өмірлік қажетті қан жетпей жатады. Донор өткізген әр тамшы қан бір адамның өмірін құтқарып қалуы мүмкін емес пе. Салауатты өмір салтын әрдайым ұстанатын ҚазҰУ студенттері әрқашан әлеуметтік акцияларға белсене ат салысып келеді. Сондықтан студенттеріміз осындай маңызды шарадан тыс қалмай, өз еріктерімен донор қатарына қосылуда.