«Медициналық мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар» Farabi University

«Медициналық мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар»

16 тамыз, 2017

«Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» Жастар ресурстық орталығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Медициналық мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Шараның мақсаты: денсаулық сақтау жүйесіне тән сыбайлас жемқорлықтың түрлерін кеңінен талқылау, сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық, дәрі-дәрмек құралдарын алу жүйесінде жемқорлық және оны болдырмау жолдары.

Шараға Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы, сондай-ақ қалалық стационар мекемелерінің басшылары, арнайы диспансерлер мен орталықтардың, қалалық перзентханалардың  және алғашқы медициналық – санитарлық жәрдем көрсету ұйымдарының басшылары қатысады.

Өткізу уақыты және орны: 17 тамыз 2017 ж. Сағат 11.00-де, БОҒ-3,   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ғылыми кітапхана, 4-қабат

Байланыс телефондары: 8 (727) 377-33-35 ішкі 12-55; 87018018688, 87055210260 (whats app) е-mail: obshestvo.priem@gmail.com