Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге жолы
ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетіндегі БҰҰ жәрдемдесу орталығы, БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінде реестрдік консультативтік мәртебесіне ие «Полигон – 29 тамыз» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры, ҚР БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментінің қолдауымен «Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге жолы» атты халықаралық дөңгелек үстел болып өтті.
Адам құқығы, сауаттылық, тұрақты даму және дау-жанжалдарды шешуге байланысты БҰҰ әлем мойындаған он қағиданы қолдауға бағытталған белсенді қызмет жүргізуде және осы бағытта Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ «Academic Impact» бастамасының тұрақты дамуы бойынша жаһандық хабы болып табылады.
Дөңгелек үстел БҰҰ Халықаралық бейбітшілік күні, БҰҰ Халықаралық ядролық қаруды толықтай жою үшін күрес күні және ҚР Президентінің Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығының 26 жылдығына орайластырылып отыр.Шараға дипломатиялық корпус, ҚР-да аккредителген халықаралық ұйымдардың өкілдермен бірге, СЯП сынауларының тікелей қатысушылары, НПО және академиялық қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Жиынды алғы сөзімен ашқан халықаралық қатынастар факультетінің деканы Айдарбаев Сағынғали шараның маңыздылығын ерекше атап өтті. Өз кезегінде сөз алған «Полигон-29 тамыз» Қоғамдық қорының төрағасы Бозтаев Нурлан қордың қызметі туралы мағлұмат айтып, жас ұрпақты ядролық қаруды таратпау мәселесін өзектендіруге шақырды. Осыған байланысты Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігінің Саяси тобының Кенесшісі Аренова Алмаша іс-шараның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғыс айтып, жұмыстарына табыс тілеп, өз сөзін Семей ядролық полигонның құрбандарына арналған әсерлі өлеңмен аяқтады.
Сондай-ақ жиын аясында Әзірбайжан Республикасының өкілі Низами Рустамов жаңа қауіп-қатерлер контексіндегі Қазақстан бастамаларының маңыздылығына тоқталды. Негізгі баяндамашылар ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Георгий Дубовцев және Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының өкілі Мұрат Ахметов ядролық қаруды таратпау мәселесінің практикалық аспектілерін және полигонның жабылғанына біраз жылдар өткеннен кейінгі Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарын жоюдың қиындықтарын атап өтті.
Шараға қатысқан басқа да ғалымдар отандық және халықаралық сарапшылар қауымдастығындағы зерттеулерді дамыту қажеттілігін көрсете отырып, Қазақстандағы ядролық сынақтардың бірқатар бөлшектерін атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында ҚР-ның БҰҰ ҚҚ тұрақсыз мүшесі ретіндегі қызметі, ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларды ілгері жылжытудағы Қазақстан тәжірибесі, ядролық қаруды таратпау саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық құрылымдар және мемлекеттермен серіктестіктің кейбір аспектілері, сондай-ақ, таратпау режимін нығайту және жаппай қырып-жою қаруына тыйым салудың заманауи мәселелері мен перспективалары талқыланды.
ҚР БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат департаментінің басшысы Властимил Самек шараны қорытындылай келе, барлық қатысушылардың жемісті еңбегі үшін алғысын білдіріп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның UNAI хабы ретіндегі рөлін атап өтті.
Халықаралық қатынастар факультеті