- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Волонтер-психологтар түрлі мекемелерде: жұмыс ерекшеліктері мен мәселелері» тақырыбындағы тәрбиелік іс-шара
«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Волонтер-психологтар түрлі мекемелерде: жұмыс ерекшеліктері мен мәселелері» тақырыбындағы тәрбиелік іс-шара
«Волонтер-психологтар түрлі мекемелерде: жұмыс ерекшеліктері мен мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел түрінде тәрбиелік іс-шара өтті. Бұл іс-шара Әл-Фараби ат. ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің көмектесуші студенттеріне арналған.
Дөңгелек үстелге 1-ші, 2-ші, 4-ші курс психология мамандығының студенттері, кафедра оқытушылары және адамның биоплазмасын жақсарту орталығының директоры, түлек-жұмыс беруші Мауль Татьяна қатысты.
Дөңгелек үстелде студент-психологтар қайда (қандай мекемелерде, ұйымдарда) және қандай түрде волонтер ретінде көмек көрсетеді деген мәселелер талқыланды.
Волонтер - ерікті әлеуметтік қызметпен ерікті түрде айналысатын адам екені белгілі. Ол қарт адамдарға, мүгедектерге, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға, қиын жағдайларға тап болған отбасыларға және жеке тұлғаларға көмектеседі.
Атап айтқанда, Францияда волонтер-психологтар қандай көмек көрсететіні жайлы бізідің қонағымыз Nina Ryckewaert айтып берді.
Ары қарай «Психология» мамандығының түлегі, ал енді жұмыс беруші Татьяна Мауль өзінің орталығының жұмысы жайлы айтып, жалпы және қолданбалы психология кафедрасымен, волонтерлармен ынтымақтастықты ұсынды.
Қорытындылай келе, студенттерге факультет волонтерларының қауымдастығын (одағын) құру және практикалық жұмысты бастау, көмек көрсету ұсынылды.
Ұйымдастырушы-модератор: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессор м.а. Кабакова М.П.