Refinitiv компаниясы өкілінің шеберлік сыныбы
2019 жылдың 1 қазанында Экономика және бизнес жоғары мектебінің Биржалық технологиялар орталығында Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінің капитал нарығы бағытының жетекшісі Н.Павловтың (Refinitiv компаниясы) мастер класы өтті.
Refinitiv ілгеріде Thomson Reuters компаниясының Financial & Risk бөлімшесі болған, қаржы нарығында тәжірибесі мол беделді компания.
Никита Павловтың мастер класының тақырыбы "Инвесторлармен өзара қарым-қатынас компанияның нарықтық құнын көтеру тәсілі ретінде" деп аталды. Дәріс аясында "Қаржы" мамандығының 4 курс студенттері және "Қаржы және есеп" кафедрасының тәуекелдерді басқару, биржалық іс және қаржы нарықтары пәндерін жүргізетін оқытушылары қатысты.
Дәрістің қозғаған негізгі мәселелері ішкі нарықтың инфрақұрылымына, өтімділікке қол жеткізу, халықаралық контрагенттермен өзара ынтымақтастық, өзгермелі нарық жағдайында өтімділікті басқару, корпоративтік талдау үрдістері, эмитенттерді талдау эволюциясы, инвесторлардың шешімдеріне әсер ететін факторлармен байланысты болды. Студенттер дәріс барысында белсенді қатысып, сұрақтар қойып, ерекше қызығушылық танытты. Үздік тыңдаушыларға сертификаттар ұсынылды.