Бақытжан Сағынтаев Алматы жастарымен кездесті

9 қазан, 2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Алматы жастарымен кездесуі өтті. Қала басшысы ҚазҰУ-дың философия-экономикалық факультетінің түлегі. «Мен үшін 85 жылдығын атап өтіп отырған туған университеттің мінберінен сөз сөйлеп, сіздермен қауышып отырғаным үлкен мәртебе. Мен мұнда оқып, достарымды таптым. Университет маған білім беріп қана қоймай, сонымен қатар менің өмірлік ұстанымдарым мен наным - сенімдерімді қалыптастырып, менің кәсіби мансабыма бастау берді», – деді Бақытжан Сағынтаев құттықтау сөзінде.

Қала басшысы студенттерге мегаполис болашағы жайлы айтып, «Алматы - 2050» ұзақ мерзімді даму Стратегиясы жоспарын таныстырды.

«Алматы болашағы – бұл кәсіпқойлар, ғалымдар, басқарушылар мен бизнесмендер жаңа буынының қаласы. Дәл сіздер, бүгінгі студенттер біз үшін баға жетпес адам капиталы болып табыласыздар. Сіздер Алматының жасылдануын сақтай аласыздар, өздеріңіздің табыстарыңызбен және жетістіктеріңізбен қаланы мүмкіндіктер мекеніне айналдыра аласыздар», - деп атап өтті әкім.

Жоба бірнеше стратегиялық басымдықтардан тұратындығы айтылды. Олар - Алматының Жаһандық «ақылды» қалаға айналуы және өмір сапасы бойынша топ-100 үздік қалалар қатарына ену міндеттерін жүзеге асыру.

«Қала халықаралық комуникациялардың жаһандық хабына айнала отырып «альфа» тобына енуі керек, Орталық-азиялық кеңістікте іскери және оқиғалар туризмінің бас орталығына айналуы тиіс. Ол үшін кең ойлап, озық әрекет ету және пісіп-жетілген мәселелерді шешуде үздік тәжірибелерді қолдануымыз қажет», - деді Сағынтаев мырза.

Алматы – шексіз қала. Жақын арадағы 5 жылда қаланың барлық аудандарында сумен қамтамасыз ету, жарықтандыру, транспорт, баспана құрылысы мәселелерін шешетін «Жаңа Алматы» жобасы жасалды. Бұл бірегей асыл орындары бар полиорталық қала болуы керек.

Алматы – «Ортақ қала». Мегаполис кез келген азамат үшін тең мүмкіндіктері бар инклюзивті адамицентристік болады. «Бұл өте маңызды, осылайша әлеуметтік бытыраңқылық жойылады. Үлкен қала үлкен мүмкіндіктер береді, бірақ қиын өмір жағдайына тап болғандарға қаталдық танытады. Жастар жұмысқа орналаса алмайды, көп балалы аналар баспаналы болу үшін қаржы жетіспейді, мүмкіндігі шектеулі жандар қалада еркін қозғала алмайды, өзгелермен тең дәрежеде оқып, жұмыс істей алмайды», - дейді мегаполис басшысы.

Алматы әкімі студенттерге еркітілер қозғалысында белсенділік танытуға, қаланы қайырымды, жауапты және прогресшіл қалаға айналдыруға үлгі болуға шақырды.

Алматы – қауіпсіз қала. Қауіп-қатерлерді жылдам анықтауға және тез шешім қабылдауға мүмкіндік беретін камера, датчитер, Big Data анализі, жасанды интеллект сияқты ақылды қала технологияларын енгізу арқылы қылмыс және техногендік қауіп-қатерлер деңгейін азайтамыз.  

2020 жылдың соңына дейін анықтау және видео аналитика интеллектуалды жүйесі бар 1000 камераны халық көп орналасқан барлық мекенге орнату жоспарлануда.

Алматы – жасыл қала. Бірнеше жыл ішінде қаланың жасыл бейнесі жаңара түсетін болады, шет мекендерге басымдық беріле отырып Jasyl Almaty бағдарламасы бойынша 1 млн. ағаш отырғызылды. Әкім баршаны 12 қазанда Көктөбеде өтетін сенбілікке белсенді қатысуға шақырды.

Алматы – іскерлік астана. Шаһар ұстанымын еліміздің Іскерлік астанасы, Жаңа Жібек Жолы орталығындағы экономикалық белсенді инновациялық қала ретінде нығайту маңызды. 

«Менің қағидаттық ұстанымымым: Алматыны жетекші экономикалық қуатты хабқа айналдырудың басты шарты адами капиталды дамыту, біздің кәсіпкерлеріміздің инновациялық әлеуетін пайдалану болып табылады. Және сіздер, студенттер, Алматының болашағын ескере отырып өздеріңіздің жақсы білімдеріңізбен қазірден бастап жаңа өмірлік мүмкіндікті табуларыңыз керек. Дарынды және іскер жастарға жәрдемдесу үшін, біз жастар кәсіпкерлігінің экожүйесін, қалада инновациялық дистрибьютерлерді, стартап-алаңдарды, бизнес-инкубаторларды, коворкингтерді құратын боламыз», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. 

Алматы-мәдени креативті қала. Алматы заманауи, озық өмір стилі бар, сән мен стандарттар тоғысқан, жоғары білім деңгейі, тұрмыстық және бұқаралық мәдениет бар қала болуы тиіс, ол үшін әлемдік мәдени трендтерді ескере отырып, мәдени кеңістіктерді қайта жүктеу қажет.

Әкімнің айтуынша, қала Стратегиясы жастарға арналған абстрактілі құжат емес. Ол өсу нүктелерін, серпіліс бағыттарын, жеке табысқа жету жолын көрсетеді. Құжат жобасы жақын арада арнайы сайт пен қалалық БАҚ арқылы қоғамдық талқылауға шығарылатын болады.

Кездесу соңында қала басшысы жастардың көптеген сауалдарына жауап берді. ҚазҰУ студенттерінің атынан оған университеттің логотипі бар толстовка-күртешесі естелік ретінде табыс етілді.

www.kaznu.kz