ОРТАЛЫҚ АЗИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТКЕ ШЫНАЙЫ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ
Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қауымдастырылған профессоры Наталья Ем Нью-Йорк Университеті Квинс колледжінің Американдық корейлерді зерттеу орталығының конференциясында баяндама жасады.
«Американдық корейлердің тарихи отанымен трансұлттық байланысы» тақырыбындағы академиялық конференция Нью-Йорк Университеті Квинс колледжінің американдық корейлерді зерттеу Орталығымен (The Research Center for Korean Community’s (RCKC) ұйымдастырылды. 2019 жылдың қазан айында АҚШ, CUNY Нью-Йорк, The James Muyskens Conference Room at Queens College американдық корейтану ғылымының 50-ден астам зерттеушілерінің басын қосты. The Research Center for Korean Community’s (RCKC), Research Foundation for Korean Community (RFKC) мекемелері конференцияның демеушілері болды. Portland State University, University of Washington, George Mason University, University of Texas at Austin, University of Colorado, University of Hawaiʻi at Mānoa және көптеген басқа университеттер ұсынған зерттеу жобаларының объектісі АҚШ-тағы корей диаспорасы болып табылады.
Алғаш рет диалог алаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарапынан «Transnational Ties with the Ethnic Homeland: The Case of Korean Women of the CIS in Marital Migration» тақырыбындағы қазақстандық корейлерді зерттеу жобасы ұсынылды. Одан бөлек, Ем Наталья әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі корейтану ғылымының дамуы, әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша еңбек етіп жүрген ғалымдардың коллаборациясы мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді. Пікірсайыс барысында көптеген сұрақтар қойылып, американдық ғалымдар әлемдік университеттер кеңістігінде кенеттен жарқ еткен жұлдыздай болған орталық азиялық университетке деген шынайы қызығушылықтарын көрсетті.