Саха ғалымдары келді

8 қараша, 2019

Саха ғалымдары ҚазҰУ-дың шығыстану факультетіне арнайы келді. РС Ғылым академиясының академигі Слепцов Петр бастаған топ түркі әлеміне ортақ құндылықтарды, түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін насихаттап, тәжірибе алмасу мақсатында келген.

Саха ғалымы, академик Слепцов Петр Якут тілінің үлкен түсіндірме сөздігінің авторы ретінде түркі тілдеріндегі түсіндірме сөздіктердің жаңаша әдістерімен жасалған бірегей басылым екенін айта келе, көлемі 10 мыңға жуық беттен тұратын «Түсіндірме сөздікте» саха тілінің 80 мыңдай сөздері мен фразеологизмдері қамтылған және олардың түсіндірмелері саха-орыс тілдерінде берілген 15 томдық сөздікті Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында көпшілікке таныстырылатынын жеткізді. Сөздік авторлары соңғы 15 жылда бір-бір томнан шығаратын сөздіктің бір данасын кітапханаға сыйлайтындықтарын хабарлады.

Кездесу соңында факультет деканы Ықтияр Палтөре саха ғалымдарын арнайы уақыт бөліп, факультетке келгендіктеріне алғыс білдіріп, ғылым-білім саласындағы байланыстарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

www.kaznu.kz