ҚазҰУ және Пан Ги мун атындағы Тұрақты даму Институты Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі - Жаңа Жібек Жолы халықаралық конференциясының бірінші кіші отырысын (MUN NSW) ұйымдастырды.
Бұл шара БҰҰ-ның академиялық әсер (UNAI) бастамасы аясында өтті. Шараны БҰҰ Ғаламдық қарым-қатынас департаментінің өкілетті елшісі Властимил Самик және ҚазҰУ-дың бірінші проректоры профессор Мұхамбеткали Бүркітбаев құттықтау сөзбен ашты.
Конференцияға арнайы келген БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының Еуропалық өңірлік бюросының директоры (UNEP) Бруно Поззи өз сөзінде тұрақты даму мақсатына қол жеткізу үшін экожүйені жақсарту жолдары туралы түйіп айтты. Сондай-ақ, бұл шараға дипломатиялық қоғамдастық бойынша АҚШ-тың Қазақстандағы бас консулы Эрик Мейер және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Ысқақов Ерлан қатысты.
Алматы қаласының әртүрлі университеттерінен 60-тан астам жиналған белсенді студенттер және делегаттар Арал теңізінің құрғауының салдары (SDG 13) және гендерлік теңдік пен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту (SDG 5) тақырыптарын әлемдік және аймақтық деңгейде талқылады. Дебаттық клубтың соңында талқыланған тақырыптар аясында резолюциялар қабылданып, жыл сайын өтетін БҰҰ ЖЖЖ- 2020 Халықаралық студенттер конференциясы үшін белсенді спикерлер іріктеліп алынды.
2010 жылдан бері жыл сайын өтетін бұл шара 350-ден астам қатысушыны және Орталық, Оңтүстік, Шығыс Азияның және АҚШ пен Еуропаның 20 елінен 100 еріктілерді қамтиды.