1 қараша күні «Ecober» дистрибьютерлік компаниясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Туризм» мамандығының 2 курс студенттері үшін «Қонақ үй тарихы» атты лекция және «Қалай ресторатор болу керек» атты мастер- класс өткізілді.
Бұл компанияның негізгі қызмет салалары – өндірістік асүйлерді жобалау, сату, орнату; қонақ үй индустриясы үшін өндірістік жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз ету; өндірісітік гигиена өнімдерімен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда «Ecober» компаниясы HoReCa (Hotel, Restaurant, Catering) индустриясындағы жетекші компаниялардың бірі. Ecolab, Electrolux, Bestfor, Henkel сияқты әлемдік жетекші компаниялармен ынтымақтастық туралы келісімдері бар.
«Рекреациялық география және Туризм» кафедрасының оқытушысы Уварова Алиса Константиновна қонақ үй тарихы жайлы лекция оқыды.
Мастер-класстың бірінші бөлігін химия бойынша кәсіби маман Александр Зотов, ал екінші бөлігін кулинарлық студияның бренд-шеф амбассадоры Алишер Прназаров өткізді. Әр маман өз саласының қыр –сырларымен бөлісті.
Аяғында барлық қатысқан в студенттерге сертификаттар табысталды