Сән - сіздің таңдауыңыз

15 қараша, 2019

     Заман талабының сұранысына саласы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасында, Аударма ісі және Шетел филологиясы мандығының 2 курс студенттері арасында, «Мәдени қарым-қатынастық контексіндегі базалық шет тілі» сабағында «Biz ve moda» атты пікірсайыс ұйымдастру, үздіктерді анықтап, ынталандыру мақсатында ашық сабақ өткізілді.

   Ашық сабақтың мақсаты: студенттерге шығармашылық жұмыстар орындату арқылы ой-өрісін, жоспар құру, шешендік өнер және жұрт алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасқан талантты жастарды анықтау; студенттер арасында пікір-сайыстың деңгейін көтеру және сын тұрғысынан ойлауын дамыту; студенттердің жауапкершілігінің және танымдық қабілеттерін түрлі пікірталастар арқылы ортаға салу. Студенттердің коммуникативтілікке, сөйлеу мәдениетіне, сөз өнеріне, тұжырымды ойын түрік тілінде дәлелдей білуге баулу болып табылады.

Ашық сабақ аясында «Сән және мен» атты пікірталас өткізілді. Екі топ «Сән және медицина», «Сән және денсаулық», «Сән мен сұлулық» сияқты тақырыптарды талқылады.

   Біздің қатысушылар талқыланған тақырыпты терең білетіндіктерін және түрік тілін жетік меңгергендігін көрсетіп, барлығымызды қуантты. Ашық сабаққа қатысқан оқытушылар студенттердің қызу пікірталастары мен тілді меңгеру деңгейлеріне тәнті болды. Пікірсайыс соңында қатысушылар лайықты сыйлықтармен марапатталды.

     Құрметті қонақтарға ерекше алғысымызды білдіреміз Шығыстану факультетінің деканы Ы.М. Палтөре, кафедра менгерушісі Ү.Т.Кыдырбаева, тәрбие жөнінде орын., Монтанай Э.Ә., Шадкам З., Жанатаева К.Б., Теменова Г.К., Ильяс Н.Қ., Балоглу Селенай., Кабадайы Жерен Ахмет.

   

   Сөз соңында айтарымыз қоғамның қарқынды дамуы көбіне оның білімі және мәдениетімен анықталады. Біз жастар ақпараттық мәдениетті сауатты адам болуға ұмытылуымыз керек. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға мың да бір рақмет!                                                                                                                                                                                                                                                    

                                                                                                                                                                                                                         Э.З.Дулаева

                                                                                                                                                                                                                               А. Халел