«ШАПШАҢ, БИІК ӘРІ КҮШТІ!»Farabi University

«ШАПШАҢ, БИІК ӘРІ КҮШТІ!»

20 қараша, 2019

  ҚазҰУ-дың спорт кешенінде механика кафедрасының 85-жылдығына орай «Шапшаң, биік әрі күшті!» спорттық сайысы өткізілді. Шараны механика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Динара Туралина ұйымдастырды.

  Спорттық жарысқа барлығы 200-ге жуық студенттер мен магистранттар, докторанттар және куратор-эдвайзерлер қатысты. Жарыс футбол, волейбол, теннис, тоғызқұмалақ, шахмат, арқан тартыс сынды спорт түрлері бойынша өтті. Тартысты жарысқа футболдан 3 команда, волейболдан  8 команда, теннисте 23 студент, шахматта 8 студент, тоғызқұмалақта 10 студент, арқан тартысқа  4 команда шайқасқа түсті. Механика кафедрасының 2 курс магистранттары спорт жарысында төрешілік етіп, жарыстың тартысты өтуіне тікелей ат салысты. Сайыс соңында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.


Механика кафедрасы