Жас ғалымдар жеңісі

4 желтоқсан, 2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының ұйымдастыруымен өткен «Үздік Жас Ғалымдар Кеңесі» байқауының қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жас Ғалымдар Кеңесі (ЖҒК) жеңімпаз атанды.

 «Үздік жас ғалымдар кеңесі» республикалық байқауының басты мақсаты – жас ғалымдардың озық ойлы бастамаларын қолдау, сондай-ақ олардың сол бастамалары мен ғылыми жобаларын жүзеге асыруға көмек көрсету болып табылады. Биылғы жылы «Үздік жас ғалымдар кеңесі» байқауының жеңімпаздарына 1 млн.теңге көлемінде ақшалай сыйақы тағайындалған. Өткен айдың соңында Тараз қаласында жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. Байқаудың жеңімпазы атанған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жас ғалымдар кеңесі бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Конкурстық комиссия жеңімпаздарды анықтау барысында ЖҒК ұйымының белсенділігі мен жұмыс нәтижелілігі, кеңестің жүзеге асыратын шараларының ерекшелігі мен маңыздылығы, университет жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының көрсеткіштері сияқты критерилерді басшылыққа алды.

Комиссия шешімі бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің командасы Жас ғалымдар кеңесі байқауының барлық талаптары бойынша жоғары нәтижелерді көрсетті.

2019 жыл – Жастар жылы деп жариялаған, ҚазҰУ жастары биыл өздерінің барлық жағынан жоғары деңгейде екенін көрсетті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖҒК ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ұйымдастырған «Үздік Жас ғалымдар кеңесі» республикалық байқауынан да суырылып алға шығып, жоғары көрсеткіштерді көрсетті. ҚазҰУ Елбасының бастамасы бойынша жас таланттарды қолдау, сондай-ақ жастардың ғылыми әлеуетін жүзеге асыру және нығайту жөніндегі тапсырмаларын осылай орындауда.

 

 

www.kaznu.kz