Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт алаңдарында қаңтардың 6-11 қаңтар күндері аралығындағы биылғы Спартакиаданың спорттық ойындарына университетте қызмет істейтін 500-ден астам адам қатысуда

14 қаңтар, 2020

Жыл сайын жаңа жылдың алғашқы апталарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, "Парасат" кәсіподағы қызметкерлерінің және ҚазҰУ-дың спорт клубының ұйымдастыруымен, оқытушы-профессорлар құрамының, қызметкерлердің және докторанттардың денсаулықтарын шынықтыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында "Денсаулық" спартакиадасы өтеді.

Университет ішіндегі  спорт жарыстары еліміздегі маңдайлы жоғары оқу орнында биыл 48-ші рет өткізіліп отыр. Тек университеттің оқытушылары, докторанттары мен қызметкерлері қатысатын "Денсаулық" спартакиядасы ең алғаш, ол кезде С.М.Киров атындағы мемлекеттік университеттің қала ортасындағы ескі оқу корпусында, 1972 жылы өткізіліп, содан бері үзілген емес.