Осы жоба аясында ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің профессоры Клара Қабылғазинамен кездесу өтті. Кездесу барысында профессор өзінің өмір жолымен оқушыларды толық таныстырып, студенттік шағындағы қызықты оқиғаларын баяндады. Профессордың өмір жолына оқушылар үлкен қызығушылық танытты және бірқатар сұрақтар қойылып, оған ұстаз жауап қайтарды.
Кездесу барысында Клара Қабылғазина мектеп қабырғасында өткен балалық кездері туралы айтып, ұстаздарына алғыс білдірді.
«Мектепке оралғым келді. Онда өткізген жылдары жаны жайсаң оқытушылардың ортасында болдым. Олар біліммен ғана емес, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Өмір сүруге үйретті», – деп еске алды ол.
Басқа жаңалықтар
15 қараша, 2024
15 қараша, 2024
14 қараша, 2024