Халықаралық қатынастар факультетінде АҚШ елшісінің орынбасарымен кездесу өтті
17 ақпан, 2011
2011 жылдың 16 ақпанында ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде АҚШ елшісінің орынбасары Памела Спратленмен кездесу өтті. Кездесуге факультеттің американист-студенттер ассоциациясы мен М.И.Р НАТО студенттер ассоциациясының мүшелері қатысты.
Спратлен ханым Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастар туралы сөз қозғап, АҚШ-тың Ауғанстанға қатысты саясатының басты бағыттарына шолу жасап, қазақстандық студенттердің Америка құрама Штаттарында білім алу мүмкіндіктері жөніндегі ақпаратпен бөлісті.
Аталған кездесу Американдық және демократиялық зерттеулер қор-орталығының бастамасымен ұйымдастырылған болатын.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024