«Қоршаған ортаны ластау мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырып бойынша әлеуметтік тәрбиелік іс-шара.

18 сәуір, 2020

2020 жылдың 10 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедра меңгерушісінің орынбасары Байкушикова Гүлнар Серікбайқызының жетекшілігімен «Қоршаған ортаның ластану мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара № 14 жатақханада «Халықаралық қатынастар» мамандығының магистранттарының қатысуымен өтті. Іс-шарада барлық қызығушылық танытқан студенттер мен оқытушылар болды. Тақырып бойнша ақпаратты магистранттар презентация түрінде жеткізіп, планетамыздың экологиялық жағдайы туралы фильм көрсетті. Іс-шара барысында студенттер пікірсайысқа кіріп, экологиялық мәселелерді шешу жолдары мен тәсілдерін қызу талқылады. Іс-шараның нәтижесінде студенттердің экологиялық білімі мен әлеуметтік жауапкершілігінің жоғары деңгейі атап өтілді. Іс-шараның негізгі тұжырымы мен хабарламасы: «Жаһандық деңгейде ойлан, жергілікті деңгейде әрекет ет!».