КОРЕЙТАНУ БӨЛІМІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕДЕ

19 сәуір, 2020

CERAGEM – денсаулық үшін қажетті медициналық аппараттарды шығаратын халықаралық компания. Ceragem Kazakhstan – Ceragem компаниясының Қазақстандағы ресми өкілі. Қиын экономикалық жағдайларға қарамастан, компания үш жылдың ішінде Қазақстанның барлық қалаларында 25-тен астам демонстрациялық орталықтар ашып, сәтті жұмыс істеуде. Біз «Серагем» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндірістік практиканы өту барысында көптеген мағлұматтарға ие болып, таңдаған мамандығымыз бойынша жақсы тәжірибе жинауға үлкен мүмкіндік алдық. Практика өту барысында біз Серагемнің Казақстанда жұмыс істеу бағыттарымен таныса отырып, ресми іс-қағаздар мен құқықтық құжаттарды аударуда үлкен тәжірибе жинақтадық.