Коронавирус кезіндегі сақтық шаралар туралы қашықтықтан өткізілген тәрбиелік іс-шарасы

4 мамыр, 2020

Биология және биотехнология факультеті биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының зоология пәнінің оқытушысы және докторанты Назерке Бижанова 2020 жылдың наурыз айында «6B05102-Биология» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттерімен қашықтықтан білім беру іс-шарасын өткізді.

Тәрбиелік іс-шараның тақырыбы COVID-19 коронавирус инфекциясы пандемиясының кезінде қолданылатын шараларға арналды.

Тәрбиелік іс-шараның мақсаты студенттерде жұқпалы аурулардан қорғау үшін дұрыс гигиена шаралары, әрі карантин кезінде уақытты дұрыс және тиімді пайдалану туралы түсінік қалыптастыру.

Тәрбие сағатының бірінші бөлімінде Назерке Бижанова жаңа коронавирустық инфекциядан қорғаудың негізгі сақтық шаралары туралы айтты:

• Қолды үнемі жуып тұру;

• Адам көп жиналатын жерлерде болмау;

• Тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтау;

• Қызба, жөтел және тыныс алу қиын болған жағдайда, мүмкіндігінше тезірек дәрігерден көмек сұрау – осы жағдайларда қорықпау және көмек сұраудан ұялмау;

• Соңғы ақпараттарды оқып, медициналық мамандардың ұсыныстарын орындау.

Әрі қарай оқытушы өзінізде және үйде қандай гигиеналық құралдар болу керектігін, масканы қалай кию және алып тастау керектігін нақты көрсетті, қандай жағдайларда масканы кию керек және керек еместігі және т.б. туралы айтты.

Қорытындылай келе, карантин кезеңінде уақытты қалай дұрыс пайдалану, өзін-өзі дамыту, уақытты басқару, сонымен қатар қазіргі экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдары туралы пікірталас өткізілді.

12 адам қатысқан шара өте жемісті болды.

  P.S. Құрметті оқырмандар, үйде болыңыздар, гигиена ережелерін сақтаңыз, сабыр сақтаңыз, уақытыңызды дұрыс бөліп, өзін-өзі дамытумен айналысыңыз – көп оқыңыз, сурет салыңыз, жақын адамдарыңызбен сөйлесіңіз. Үнемі жаттығып, сау болыңыз!

 

 

Құрметпен,

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz