Ислам қаржы орталығының директоры Astana Finance Days 2020-ға қатысты

22 шілде, 2020

 

Исламдық қаржы орталығының директоры Лаура Куанова Қазақстан мен аймақтың өкілі ретінде Astana Finance Days 2020, Islamic Finance Conference: Human Development for Islamic fin-tech industry  конференциясына қатысты.

 

Сессияның модераторы болып INCEIF ғаламдық исламдық қаржыландыру университетінің атқарушы білім беру директоры және электронды оқыту жөніндегі декан орынбасары Зияад Магомед жүргізді.

 

Сессияда спикер болып Cambridge International Financial advisory төрағасы доктор Хумайон Дар, Chartered Institute for Securities and Investments бас кеңесшісі Джордж Литтлджон мырза, Султанат Оман ислам қаржы бөлімінің басшысы Мугис Шаукат мырза, Массачусет технологиялық институтының финтех бойынша сарапшысы, АҚШ, Муджтаба Халид мырза сөз сөйледі.

 

Сессия барысында спикерлер исламдық технологиялық қаржыландыруды дамытудың проблемалары мен перспективаларын қарастырып, саланы дамыту перспективаларын талқылады. Барлық шетелдік сарапшылар Қазақстан мен аймақ үшін өз ұсыныстарын білдірді және бұл саланың болашағы зор және басқа елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, елдің өсу мүмкіндіктері бар деген қорытындыға келді.
 
Жазбаны www.astanafindays.org сайтынан алуға болады