- Басты бет
- Жаңалықтар
- Факультет ғалымы халықаралық конференцияда «Орта Азия халықтарының Қытайды тану эволюциясы» тақырыбында баяндама жасады
Факультет ғалымы халықаралық конференцияда «Орта Азия халықтарының Қытайды тану эволюциясы» тақырыбында баяндама жасады
«Жібек жолы дәрістері» деген атпен жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын халықаралық конференция 2020 жылдың 9-13 қыркүйегі аралығында онлайн форматта өтті. Конференцияны ұйымдастыруға ҚХР-дағы Халықаралық Жібек жолы биологиялық антропология орталығы, Фудан университетінің «Бір жол – бір белдеу» және жаһандық басқару институты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ташкент ұлттық шығыс университеті, Бішкек гуманитарлық университеті атсалысты.
Аталмыш конференцияда Жібек жолы бойында орналасқан елдердің ең белді мамандары мен сарапшылары Жібек жолы экономикалық белдеуінің бүгінгі жағдайы мен болашағына қатысты баяндамалар жасады.
ҚазҰУ шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының профессоры, қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының директоры Мұқаметханұлы Нәбижан бұл конференцияға «Орта Азия халықтарының Қытайды тану эволюциясы» деген тақырыпта баяндама ұсынды. Ал қытайтану кафедрасының магистранты Серғазы Еркеш Алматы облысында табылған Алтын адам жәдігері туралы баяндама әзірлеп, конференциядағы қатысушыларға жан-жақты мәлімет берді.
Конференцияға қатысқан ғалымдардың Ежелгі Жібек жолы бойындағы елдердің тарихи мәдениеті мен олардың қазіргі заманғы экономикасының жаңғыруы жөнінде оқыған дәрістері, белдеу бойында орналасқан мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың нығая түсуіне тың серпін берері сөзсіз.