Халықаралық Хеленик университетіндегі академиялық ұтқырлық
Халықаралық Хеленик университетіндегі академиялық ұтқырлық
ERASMUS + «SMARTCITY: Smart City Technologies / SMRCITY магистрлік бағдарламасына инновациялық көзқарас» бағдарламасы аясында Хеленик Халықаралық Университеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында ақылды технологиялар
саласында болашақ мамандарды даярлау үшін екі дәрежелі бағдарлама жүзеге асырылуда.
Жоба жоспары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыру үшін 2020 жылдың 7 наурызынан бастап 31 мамырына дейін Механика-математика факультетінің Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы магистранттары
Шопан Анара мен Мусина Камила Грекия, Хеленики халықаралық университетінің қос дипломдық бағдарламасы бойынша оқуға жіберілді.
Академиялық ұтқырлық аясында ICT Managemnt, Data mining, Big data, Software Development және тағыда басқа пәндер оқылды. Оқу кезеңі жаңа COVID-2019 вирусының таралуына байланысты пандемияға түскендіктен
және оқушылардыңқауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сабақтар онлайн режимінде өткізілді.
Осыған қарамастан, бұл біздің студенттердің академиялық ұтқырлық үшін белгіленген барлық курстарды меңгеруіне кедергі болмады, барлық емтихандарды ойдағыдай тапсырды, Мусина Камила мен Шопан Анара жақсы білім алып,
ҚазҰУ-дың магистратурасында екінші курсты жалғастыру үшін Қазақстанға оралды.
|