- Басты бет
- Жаңалықтар
- Erasmus+ Action ICM (International Credit Mobility - KA107) бағдарламасы бойынша Саленто университетінде (Италия) оқуға және тағылымдамадан өтуге үміткерлерге арналған КОНКУРС
Erasmus+ Action ICM (International Credit Mobility - KA107) бағдарламасы бойынша Саленто университетінде (Италия) оқуға және тағылымдамадан өтуге үміткерлерге арналған КОНКУРС
Құрметті студенттер!
Саленто университетінің (Италия) Инновацияларға арналған Инженерия Департаменті Эразмус+ жобасының қолдауымен 2020-2021 жылдарға арналған студенттердің ұтқырлық стипендиясына және ғылыми тағылымдамадан өтуіне үміткерлерге конкурс жариялайды. Erasmus+ Action ICM (International Credit Mobility - KA107) бағдарламасы ЕО елдерінен және ЕО-дан тыс серіктес елдерден бағдарламаға қатысушы университеттердің арасында студенттердің оқуға арналған ұтқырлығын (СМС) және тағылымдамадан өтуге (SMT) арналған стипендияларды қаржыландырады.
2014-2020 жылдарға арналған Erasmus+ бағдарламасы, Action KA107 (Халықаралық кредиттік ұтқырлық), 2019-1-IT02-KA107-061483 жобасы бойынша Саленто университетінде келесі оқу бағыттары ұсынылып отыр:
- Биология
- Биотехнология
- Қоршаған орта туралы ғылымдар
- Ауылшаруашылық және Тағам жайлы ғылымдар
- Бизнес әкімшілік
- Инженерлік менеджмент
- Өнеркәсіптік инженерия
Конкурсқа қатысу үші сіздің Өтініміңізде келесі келесі құжаттар болуы қажет:
1. Толтырылған сауалнама (ағылшын тілінде);
2. Оқитын университетіңізде жұмыс істейтін оқытушыдан бір Ұсыныс хат;
3. Ағылшын тіліндегі өтініш берушінің түйіндемесі.
4. Саленто Университетінде жоспарланған зерттеу бағдарламасының өтінімі (тек тағыдымдамадан өтуге өінім берушілер үшін) және/немесе жоспарланған оқитын курстардың/пәндердің алдын-ала тізімі (тек оқуға өтінім беушілер үшін).
5. Үміткердің қолы мен күні қойылған жарамды паспорттың көшірмесі.
6. Ағылшын тілінің сертификаты
Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2020 жылдың 31 қазаны.
*Барлық сұрақтар бойынша биология және биотехнология факультетінің ғылыми-инновациялық және халықаралық ынтымақтастық қызметі бойынша деканның орынбасары Баубекова А.С. хабарласуыңызды сұраймыз, каб. 204. 7(727) 377-33-30 (12-18).
v2_Application Form_Bando Studenti KA107 CnKz 22-0