1-курс магистранттарға арналған онлайн-жиналыс
17 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасы корей және жапон бөлімдерінің 1-курс магистранттарына арналған онлайн-жиналыс өткізді. Университеттегі оқыту процесі электронды оқыту мен қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы жүзеге асуда, студенттер мен оқытушылар байланыс орнату жұмысы Қазақстанның көптеген басқа университеттеріндегідей электронды ақпараттық-білім беру ортасында ұйымдастырылған.
Магистранттарға қашықтан оқыту, магистратура жөніндегі ережелер туралы ақпаратты жеткізу, сондай-ақ, үлгерім бойынша магистранттарға атаулы көмек көрсету үшін кафедра меңгерушісі Ем Наталья Борисовна және кафедраның профессорлары ай сайын онлайн-семинарлар өткізеді.
Магистранттар қатысатын онлайн-жиналыстар пандемия кезінде оқу, ғылыми және тәрбие беру процестерін ұйымдастырудың өзекті мәселелеріне арналған. Жиналыстар барысында университеттің электронды-ақпараттық білім беру ортасында оқыту, 2020-2021 оқу жылында аралық және қорытынды аттестацияларды жүргізу мәселелері талқыланады. Бірінші кезекте, студенттерді курстық жобаларды, сынақтар мен емтихандарды қорғау тәсілдері бойынша сұрақтар мазалады.
Мемлекеттік қорытынды аттестация мәселелеріне ерекше мән берілді. Магистранттардың эдвайзерлері Ақын Б.Қ. және Белялова А.Е. магистрлік диссертацияларды әзірлеу, алдын ала қорғау және қорғау процесін өткізу, диплом алды практикаларын қорғау, мемлекеттік қорытынды аттестациясын әзірлеу және өткізу мәселелері талқылады. Магистранттар өздерін қызықтыратын сұрақтар бойынша толыққанды ақпаратқа ие болды.
Кафедра меңгерушісі Наталья Борисовна өзінің құттықтау сөзінде күрделі эпидемиологиялық жағдайдың орнауына қарамастан тиімді жұмыс және білім беру процесі дұрыс жолға қойылғанын, сондай-ақ, университет басшылығы қазіргі қиын-қыстау кезеңде туындап отырған барлық мәселелер мен проблемаларды шешуге және магистранттарға қолдау көрсетуге әзір екендігін атап өтті.