- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Қазақстан: Жаңа шекараларды зерттеу және шығармашылық қатысу» атты халықаралық ғылыми вебинар өтті
«Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Қазақстан: Жаңа шекараларды зерттеу және шығармашылық қатысу» атты халықаралық ғылыми вебинар өтті
3 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде, Сингапур ұлттық университетінің аға оқытушысы, Сингапурдың әлеуметтік және халықаралық мәселелер жөніндегі талдаушысы, PhD Мұстафа Иззуддиннің қатысуымен халықаралық вебинар өтті.
Вебинарға шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ы.М., шығыстану факультеті деканының орынбасары К.Т. Габдуллин, тарих ғылымдарының докторы, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті Л.Г. Ерекешева және факультеттің PhD-докторанттары қатысты. Доктор Мұстафа Иззуддин Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі саяси, лингвистикалық және білім беру саласындағы ахуал, сондай-ақ Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ынтымақтастығының перспективалары туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, вебинарда Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі исламдық банк жүйесі, білім беру, туризм және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қозғалды.
Вебинар соңында доктор Мұстафа Иззуддин докторанттардың сұрақтарына жауап беріп, факультет деканы Палтөре Ы.М. атынан доктор Мұстафа Изуддинге алғыс хаттың электронды нұсқасы табысталды.