- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Sakura Network» желісі аясында Жапон Қоры мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастығы жалғасуда
«Sakura Network» желісі аясында Жапон Қоры мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастығы жалғасуда
Халықаралық Жапон қоры 2007 жылы дүниежүзінің оқу орындарымен ынтымақтасып «JF Nihongo Network (Sakura Network)» желісін құрды. «Sakura Network» желісінің мақсаты- осы желіге мүше болған ұйымдармен бірлесе отырып, жапон тілінде білім берудің сапасын жақсарту, сонымен қатар жапон тілін үйрету.
Жапон қорының бұл жобасына өз елдерінде жапон тілінің, мәдениетінің таралуына, жапон тілінің оқытуда маңызды роль атқарып жатқан оқу орындары мүше бола алады.
«Sakura Network» мүшелері жапон қорының түрлі бағдарламаларын, жобаларын қолданып, өз елдерінде жапон тілінің, жапон тілінің оқытуын арттыруға үлес қосады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ де 2007 жылдан бері осы аталмыш желінің мүшесі болып табылады.
Дүниежүзіндегі қазіргі жағдайға қарамастан 2020 жылы да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің осы жобаға мүшелігі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.
Бұл мүшелік университетіміздің жапон тілінің оқытушыларына, зерттеушілеріне жапон қорының кез-келген бағдарламалары мен жобаларына қатысуға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін университетіміздің оқытушылары жапон тілінің оқыту методикасын ұстарту мақсатында жапон қорының әртүрлі бағдарламаларына, жобаларына қатысып келеді.
Бұл жоба әлемнің түкпір-түкпірінде дамып, өркендеуде. Осы уақытқа дейін «Sakura Network» аясында көптеген жобалар жүзеге асырылды.