"Қашықтықтан оқудың ерекшеліктері" тақырыбында кураторлық сағат
2020 жылдың 10 қазанында Жапонтану кафедрасының 3 курс куратор-эдвайзері 3 курс студенттерімен кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатта қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері талқыланды, әр студент өз пікірімен бөлісті. Барлық студенттер жаңа форматта оқудың артықшылықтары мен белгілі бір қиындықтарын атап өтті. Артықшылықтары: университетке бару жолында уақытты үнемдеу, ата-анасының қасында жайлы үйде оқу мүмкіндігі. Сонымен қатар, көп студенттердің негізгі мәселелері - техникалық мәселелер, компьютерде ұзақ уақыт отыру қажеттілігіне байланысты көздің шаршауы. Сондай-ақ, студенттер әлеуметтенудің маңыздылығын атап өтті. Олар сабаққа келіп, өмірде бір-бірін көргісі келеді.
Содан кейін студенттердің үлгерімі мен жалпы мәселелер талқыланды. Соңында алдағы кураторлық іс-шаралардың тақырыптары талқыланды.