«Невада-Семей» және шешуші рөлі

16 қазан, 2020

2020 жылдың 19 қазан күні  сағат 1200-ден 1240- қа дейін ZOOM платформасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Невада-Семей» жастар ұйымы «ХАҚ «Невада-Семей» және оның жетекшісі Олжас Сүлейменовтің Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтарды тоқтатуда және Семей ядролық полигонының жабылуындағы шешуші рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жастары ректор Ғалымқайыр Мұтанұлының көмегімен 2016 жылдың 1 қарашасында «Невада-Семей» жастар ұйымын құрды.

Жастар ұйымының қызметі барысында ядролық қаруды сынау салдарына байланысты экологиялық мәселелерді шешу үшін Қазақстанның жастарын біріктіріп, «Невада-Семей» қозғалысының идеяларын насихаттауға бағытталған жоспар бойынша жұмыс жасауда.

Дөңгелек үстел барысында Семей ядролық полигонындағы жарылыстардың тарихы, «Невада-Семей» қозғалысының 25 жылдан астам уақыт ішінде жеткен жетістіктері қарастырылады.

Дөңгелек үстелге халықаралық ядроға қарсы «Невада-Семей» қозғалысының төрағасының орынбасары Эфим Львович Зуслин, жауапты хатшысы Алия Махметовна Бекмагамбетова, ядроға қарсы қозғалыстың ақсақалдары, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Невада-Семей» жастар ұйымының өкілдері.

Сілтеме https://us04web.zoom.us/j/7545841067?pwd=VFVYSXpYQ1d1Y0k3QUN3MVVoR3Aydz09

Идентификатор: 754 584 1067

Пароль: 12345

Время: 19 қазан 2020 ж. сағат 12:00

Контакты для связи: 87474609221

Іс шараның ұйымдастырушылары: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Невада-Семей» жастар ұйымының мүшелері.

www.kaznu.kz